«QAZ-STROYASIA» ЖШС «UIA» сауда маркасымен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруге маманданған.
Біз жылу оқшаулағыш құрғақ құрылыс қоспаларын, газоблоктарға арналған желімді, стандартты кафель желімін, механикаландырылған сылақты, цементті еден төсемін, механикаландырылған гипс сылағын және полимерлі шпаклевканы өндіреміз.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті мемлекеттік мекемесі бөлген қаражат есебінен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға гранттық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылуда.
«UIA» құрғақ жылу оқшаулағыш қоспаларының негізгі көрсеткіштері ҚР СТ 1168-2006 талаптарына сәйкес келеді.
«QAZ-STROYASIA» ЖШС — өнімді тікелей өндіруші. Сондықтан біз бәсекеге қабілетті және тиімді бағаларды ұсынамыз.
«UIA» құрғақ құрылыс қоспалары арнайы жабдықталған қоймаларда сақталады. Бұл олардың қасиеттері мен сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Барлық тапсырыстар жедел өңделіп, тапсырыс берушіге қысқа мерзім ішінде жеткізіледі.